Шымкент телевидениесімен бірге

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК БАСЫМДЫҚТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Бейнеконференциялық байланыс арқылы онлайн форматта өткен мәжіліске қала әкімі, қалалық ассамблея төрағасы Мұрат Әйтенов қатысты.

 

Жиын барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласында Түркістан облысында атқарылған жұмыстар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қызмет тәжірибесі баяндалды.

 

 

Жиында білім беру, ақпараттық саясат жүргізу, ашық қоғам құру, балалар спорты мен шығармашылығын дамыту, көпбалалы аналарды әлеуметтендіру, телеарналарда отандық анимациялық өнімдер үлесін арттыру, мәселелері жөнінде ұсыныстар айтылып, қолдау тапты.  

 

Қала халқының 30 пайыздан астамын этнос өкілдері құрайды. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет ететіп, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

 

Ассамблеяға жүктелген міндеттер шеңберінде қалалық және аудандық деңгейлерде Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен блогерлер клубы, Жастар қоғалысы, барлығы 8 қоғамдық құрылым қызмет етеді.

 

Қалалық ассамблея тарапынан жыл басынан бері 87 іс-шара ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, бұл іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтті.

 

Республикалық Ассамблея Кеңесінің отырысын Мемлекет басшысы қорытындылап, мемлекеттік этносаралық саясатты ілгерілету, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын одан әрі нығайту жөнінде бірқатар маңызды міндеттерді белгіледі.

 

Саланы жетілдіруге бағытталған бұл тапсырмалар қалалық ассамблея мүшелерінің алдағы жұмыс басымдығы болып айқындалды.

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 21:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30