Шымкент телевидениесімен бірге

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ЖАЛҒАСУДА

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Ел Тәуелсіздігін алғалы 3-ші рет өтіп жатқан Ұлттық халық санағы да аяқталуға жақын. Санаулы күндер қалғанда еліміздің түкпір-түкпірінде тірлік қызу.

 

 

Ұлттық халық санағында Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласынан кейін, Ордабасы ауданы белсенділік жағынан көш бастап тұр. Бүгінде санақ нәтижесінде өңірдегі халық саны 134 мың 461-ді құрады. Бұған дейін жүргізілген 2009-жылғы халық санағынан бері аудан халқының саны едәуір өсіп отыр, - дейді статистика басқармасының басшысы. Оған себеп, табиғи өсімнен бөлек, қандастарымыздың біздің өңірден қоныс тапқаны екендігін айтады.

 

Манзура Шамшидинова – Ордабасы аудандық статистика басқармасының басшысы

 

Ауданымызда 17 елдімекен болса, олардың ішінде әсіресе Шұбарсу елдімекенінің халқының саны көш бастап тұр. Елімізге оралған қандастарымыздың арқасында аудан халқы да ұлғайған. Мамандардың айтуынша, аудандағы 10 ауылдық округке 92 санақшы жұмылдырылған. Ал, тұрғындардың 45 пайызы санақтан онлайн түрде өткен. Биылғы ұлттық жобаның жаңашылдығы онлайн әдіс санақшылардың жұмысын біршама жеңілдеткен көрінеді.

 

Манзура Шамшидинова – Ордабасы аудандық статистика басқармасының басшысы

 

Ұлттық санаққа 144 интервьюер жұмылдыру керек болса, 92-сі жұмыс істеді. Оның бірден бір себебі биылғы санақтың онлайн өтуі. Әрі пандемияға байланысты да бұл оңтайлы болды.

 

Мади Бегалиев – интервьюер

 

Бүгінде ұлттық халық санағының Мемлекеттік маңызын әрбір тұрғын жіті түсінуі тиіс. Себебі, санақтан өту кезінде қойылатын сұрақтар арқылы сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы анықталады. Осылайша, алдағы жылдарға жоспар құрылады, - дейді басқарма басшысы.

 

Манзура Шамшидинова – Ордабасы аудандық статистика басқармасының басшысы

 

Санақтағы сұрақтар да арнайы дайындалған. Себебі, сол жауаптарға қарай сол аймақтың әлеуеті анықталады. Алдағы жылдарға соған қарай жоспар түзіледі.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.10.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31