Шымкент телевидениесімен бірге

ҚАЛА ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвиджпен кездесті. Бас консулды жаңа миссиясының басталуымен құттықтаған қала басшысы екі жақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

 

 

Кездесу барысында Мұрат Әйтенов  мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, қалада инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуметі мол екенін  атап өтті.

 

Сонымен қатар,  Шымкент – Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен және олардың астаналары Ташкент пен Бішкек шекараларына жақын орналасқан республиканың ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі болып табылатынын жеткізді.

 

"Біздің басты мақсатымыз – қаламызды адам өміріне қолайлы және бизнес жүргізуге ыңғайлы мегаполиске айналдыру. Оған қол жеткізу үшін біз инвестициялық қоғамдастықтармен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруды көздейміз. Қазақстан мен АҚШ бизнесінің игілігі үшін жаңа жобалар бірлескен жұмыстың нәтижесі болады деп ойлаймын"- деді қала мэрі.

 

Өз кезегінде Кэролайн Сэвидж екі мемлекет арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық дами беретініне сенім білдіріп, биыл АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толып отырғанын тілге тиек етті.

 

Сонымен бірге ол Қазақстан жұртшылығын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сараланды.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 20:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30