Шымкент телевидениесімен бірге

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту қала басшысының басты назарында. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы бағытта атқарылып жатқан әрбір құрылысты тікелей бақылауына алып, оның сапасы мен мерзімінде аяқталуын қадағалауда.

 

Құрылыс жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын көрі үшін бүгін шаһар басшысы бірқатар нысандарды аралады.

 

 

Қала әкімі алдымен Ерімбетов көшесінің бойындағы жылу жүйесінің құрылысымен танысты. Жалпы ұзындығы 6 шақырымға жуық жылу құбырының бүгінде 4,1 шақырымындағы іс аяқталған. Айтып өтейік ол желі Нұрсәт шағынауданындағы жаңа әкімшілік іскерілік орталығындағы қазандыққа жалғанады. Кейін сол қазандық арқылы қаланың орталық бөлігіндегі жылуға жарымай жүрген әлеуметтік нысандар жылытылады.

 

ҚАЛА ӘКІМІ АҚТАСТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

 

Сондай-ақ, осы сапары кезінде Мұрат Әйтенов «Ақтас» шағынауданындағы су және газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді. Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшен» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары атқарылуда. Биыл шілде айында басталған құрылысты қараша айында аяқтау жоспарланған. Ұзындығы 50 шақырымнан асатын суаққының  43,0 шақырымнан астамы салынып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы жұмыстың (ІІ көтеру сорғы стансасын орнату, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату) 95 %-ы орындалды. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады. Қала әкімі абоненттеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, тұрғындарға бұл бағыттағы жұмыстарды түсіндіру бойынша  тапсырма берді.   Сондай-ақ, шағынауданды табиғи газбен қамту бойынша мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталады. Жобаның жалпы құны– 536 млн теңге. Газ құбырының ұзындығы – 17 шақырым.  Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

 

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНА СУ ҚАРАШАДА БЕРІЛЕДІ

 

Шымкент қаласының «Сәуле шағынауданы 276 орамды инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүруде. Қала әкімі су, электр және газ жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, жұмыстың сапасын бақылады.Сәуле шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «АГАТ» ЖШС-і тарапынан биыл маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Нысан құрылысы 2021 жылдың қараша айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су беріледі.54,9 шақырым ауыз су құбырының 54,9 шақырымы толық салынған. Қазір абоненттеу, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату, ІІ көтеру сорғы стансасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыстың 92 %-ы атқарылды.Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша «ХМСУ Шымкент мелиорация» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталмақ. Нысан 2022 жылға өтпелі. Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша «АксемсерСтройСервис» ЖШС-і тарапынан биыл шілде айында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Қазіргі таңда жалпы жұмыстың 56 %-ы атқарылған.

 

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

КСМ. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов«Жұлдыз» индустриалды аймағының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады. Нысан екі жобадан тұрады. 1-ші жобада 12,5 шақырым ауыз су, 58,2 шақырым электр желісі, 8,9 шақырым табиғи газ, 11,4 шақырым кәріз жүйелерінің құрылысы қамтылған.Бүгінде мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС 8 шақырым ауыз су және 10 шақырым кәріз жүйелерінің траншеяларын қазу жұмыстарын орындады. Нысан 2022 жылға өтпелі. 2-ші жоба бойынша 13,2 шақырым автомобиль жолының құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Impuls» ЖШС тарапынан жұмыстардың 10 %-ы атқарылды. Ағымдағы жылға №2 учаске аумағында 2,4 шақырым жол құрылысын аяқтау үшін қосымша қаржы қажет. Аталған нысан құрылысы да келесі жылға  өтпелі.Шымкент қаласында аумағы 306 га «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2021-2022 жылдары іске асыру жоспарланып отыр. Онда құны 100 млрд тенгені құрайтын 30-ға жуық  инвестициялық жобалар жүзеге аспақ.

 

 

shymkenttv.kz

 

 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 20:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 20:41
    ЖАСТАР ЛИГАСЫ –2021
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН
    11 Қазан, 23:09
    "Halal EXPO" 2021
    30 Қыркүйек, 20:08
    АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31