ҚАРАТАУ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ САНАҚТАН ӨТУДЕ КӨШ БАСЫНДА

20 қазан 2021, 20:35

Шымкентте 302 015 адам яғни, тұрғындардың 27,5 пайызы онлайн санақтан өткен. Бүгінге дейін дәстүрлі санақ барысында 404 666 азамат тіркеліп, жалпы қалада ұлттық санаққа қатысқан халықтың үлесі 64,3 пайызды құрады.

 

Ал қаладағы Қаратау, Абай аудандары санақтан өтуде көш басында келеді.

 

Санақ барысын әрітесім Мақпал Рысбаева толықтырып айтады.

 

 

Айша Жүндібаеваның отбасында 8 адам тұрады. Санақшылар бұл шаңыраққа да келіп, санақ жүргізді. Онлайн түрде санақтан өте алмаған тұрғындарды мамандар тіркеді.  Бұл науқан ел экономикасын өркендетіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге сеп болады дейді қала тұрғыны.

 

Айша Жүндібаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

 

Биыл 15 қазанда онлайн-санақ аяқталды. Интернет желісі арқылы жүргізілген санақ 1 қыркүйекте басталып, 45 күнге жалғасты. Қазір қалада 172 нұсқаушы-бақылаушы жəне 1 207 интервьюер үйлерді аралап, тікелей халық санағын өткізуде. Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, онлайн-санақтан өткендер саны бойынша Қаратау және Абай аудандары жетекші орында.   Санақшылар қаладағы Қайтпас-1 елдімкенінде тұратын тұрғындарды да тіркеуге алуда. Жылдан-жылға халық саны артып келе жатқан шағынауданда бүгінде 12 мыңдай халық тұрады. Мамандар осыған дейін жергілікті тұрғындардың  70 пайызын тіркеп үлгерген.

 

Дархан Айдарбеков 27 учаскенің нұсқаушысы:

 

Науқанның онлайн түрінен өтпеген азаматтар интервьюерлердің сауалдарына жауап бере отырып,дәстүрлі санақтан өтетін болады. Ұлттық халық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы тәулік бойы жұмыс істеуде. Ақпарат орталығына  қоңырау шалу тегін. Айта кетейік, ел үшін айрықша маңызды науқан қорытындысы қаланың экономикалық, демографиялық және әлеуметтік жағдайды көрсетеді. Алынған деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің объективті қалыптасуына негіз болмақ.

 

 

 

shymkenttv.kz