Шымкент телевидениесімен бірге

КӘРІЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛЫП ЖАТҚАН БЕС ШАҒЫН АУДАНДАҒЫ ЖҰМЫС БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласын толықтай кәріз жүйесімен қамту мақсатында 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың 5-еуі биыл жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде.

 

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бақылауындағы бұл жұмыстарды, салаға жауапты басқарма басшысы Боранбай Болатбековтың өзі қадағалауда.

 

 

Шапағат, Мирас шағын аудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталған. Ұзындығы  52 шақырымға созылған кәріз құбыры 1800 астам тұрғын үйге тартылуда. Бүгінде мұндағы жұмыстардың биылға жоспарланған межесін толығымен орындап қойдық, дейді мердігер компания өкілі.

 

Ғаламат Батырбеков – «Ынтымақ бес арыс» ЖШС өкілі

 

Кәріз жүйесіне қосылатын күнді асыға күтіп жүрген мирастықтар, айналамыз шыбын-шіркейге толып барады, дейді. Соңғы кезде әр үйдің ауласынан қазылған қалдық су шұңқырларынан шыққан иіс, жел тұрса бүтін бір елді мекен халқының мазасын қашыратын көрінеді. 

 

Нұрлан Шырынбаев – Мирас шағын ауданының тұрғыны

 

Қазіргі таңда кәріз құбыры қаланың 13 нүктесінде жүргізілуде. Оның 3-еуі магистралды сарқынды су жүйесі болса, қалған 10-ы ішкі орамдық жүйе құрылысы. Биыл оның 5 елді мекеніндегі жұмыс аяқталып,  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл ретте 52 пайызды құрап отырған көрсеткіш 2 пайызға өспек.

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 20:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН
    11 Қазан, 23:09
    "Halal EXPO" 2021
    30 Қыркүйек, 20:08
    АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
    13 Қыркүйек, 17:51
    «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫ»...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31