«ҚУЫРШАҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ»

20 қазан 2021, 20:40

Менаполис балалары «Арбат» алаңына жиналып мәз мейрам болды. Себебі Шымкент қаласының қуыршақ және жасөспірімдер театры қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты қойылым ұйымдастырды.

 

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған Қуыршақтар жәрмеңкесін тілші әңгімелейді.

 

 

Бұл күні театр ұжымы кішкентай көрермендер үшін тың бағдарлама әзірлеп отыр. Жәрмеңке қуыршақтар шеруімен басталып, мамандар театр қуыршағының дайындалуы жөнінде шеберлік-сабағын көрсетеді. Бұл жерге келушілер  қуыршақтардың «өмірге келуімен» бірге, қоюшы режиссерлер олардың құпиясымен де танысты.

 

Самат Алтаев - Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы

 

Мәдени жәрменкеде бүлдіршіндер шебер қолынан шыққан ертегі кейіпкерлері мен түрлі образдағы қуыршақтарды тамашалап, ұнағанын  сатып алуға мүмкіндігі бар. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған іс-шара бәрінен бұрын балалардың көңілінен шықты.

 

Інкәр Бақытқызы - қала тұрғыны

 

Еліміз бойынша тұңғыш рет  ұйымдастырылған қызыққа толы іс-шарада мульткейіпкерлер флешмобына ұласып бүлдіршіндер мен оқушыларға интерактивті ойындар ұйымдастырылды.  Шымкенттіктер қолөнер шеберлерінің таңдаулы жаңа технологиялар мен жасалған қуыршақтарын сатып алып балаларын қуантты.

 

 

 

shymkenttv.kz