МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕКПЕ САЛУ ЖАЛҒАСУДА

27 желтоқсан 2021, 23:26

Мектеп оқушыларына Pfizer вакцинасын салу жалғасуда. Әр емдеу орталығы өзіне қарасты білім ордасының балаларына екпе салып жатыр. Әрине, бәрі де ата-ананың рұқсатымен.

 

Кезекті вакцинация қаламыздағы Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде өтті.

 

 

 

Бұл жолы №23 мектеп-лицейінің шәкірттері вакцина салдырды. Екпе қабылдауға білім ордасынан алғашқы болып келгендердің бірі – Анель Уалиханова. Ол өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін ата-анасының рұқсатымен вакцина салдыруға бел буғандығын айтады.

 

Анель Уалиханова – З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің оқушысы

 

Мен бүгін өз еркіммен және ата-анамның рұқсатымен екпе қабылдадым. Жағдайым жақсы. Ең бастысы өзімнің және жақындарымның амандығы. Сондықтан, барлық тұрғындарға вакцина салдыруға кеңес беремін.

 

Мамандар бүгін мектептегі 18 оқушыға вакцина салды. Бәрінің ата-анасы ұл-қызының індетке қарсы екпені қабылдауына келісімін берген. Абай аудандық

 

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ауданда

 

жүкті және емізулі әйелдер мен оқушыларды қоса алғанда 33 мың адамға Pfizer вакцинасын салу жоспарланған. Бүгінде олардың 11 пайызы, яғни 3700-ден астам тұрғын екпе қабылдап үлгерген.

 

Нұркен Сәрсенбаев - Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

Айтып өтейік, Файзер вакцинасы 12 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ, 16 және 37 аптадағы жүкті әйелдерге салынатын болады. Екпенің бірінші дозасын қабылдаған адам, екіншісін 21-28 күннен соң салдыруы қажет.

 

 

 

shymkenttv.kz