Шымкент телевидениесімен бірге

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Бүгін 1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаевпен бірге ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады.

 

Бар ғұмырын қажырлы еңбек пен елінің өсіп-өркендеуіне арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.

 

Қала басшысы құттықтауын тыл ардагері Болысбек Әлімбекұлының шаңырағынан бастады. Қариямен әңгімелескен Мұрат Әйтенов ақсақалға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.

 

Ардагер «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске - 70, 75 жыл» мерекелік медальдарымен, «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» және «Әлемнің мейірімді адамы» төсбелгілерімен марапатталған.

 

Құттықтау легі Шымкент қаласының құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Клара Әліпованың отбасында жалғасты.  Еңбек ардагерін  мерейлі мерекемен құттықтай келген қала басшысы  Клара Төлендіқызына зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына бақ пен береке тіледі.

 

Әліпова Клара Төлендіқызы - 1937 жылы 3 маусымда Алматы қаласында қызметкердің отбасында дүниеге келген. «Бауырмал» сыйлығының иегері, ОҚО Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасына айрықша еңбегі үшін зейнетақысын алатын дербес зейнеткер.

 

Өз кезегінде қазыналы қарттар да ризашылықтарын жеткізіп, баршаға бейбіт те берекелі өмір тіледі.

 

 

 shymkenttv.kz




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 20:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31