НИЕТІҢІЗ АДАЛ, ЖЕГЕНІҢІЗ ХАЛАЛ БОЛСЫН!

12 қазан 2021, 20:20

Қазан айының 11 мен 12-сі аралығында Шымкентте "Halal EXPO 2021" көрмесі өтуде. Көрмеге 50 ден астам кәсіпорын халал өнімдерін алып келген.

 

Бұл сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашып, тұтынушыларға халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға таптырмас мүмкіндік, дейді "Халал Даму" ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы.

 

Көрмеге қойылған тауарлардың арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде өндірілген халал өнімдер де бар.

 

Осы орайда, серіктестік басшысы арнайы баспасөз отырысын өткізіп, халал мен харамның ара жігін ажыратып берді.

 

 

ҚМДБ-нің ХАЛАЛ сертификатын алған 700 жуық кәсіпорын бүгінде әлемнің 49 елінде өз өнімдерін еш кедергісіз саудалауда. Бізге сан емес, сапа маңызды, деген "Халал Даму" ЖШС директоры Айбек Аташев жыл басынан бері 4 кәсіпорыннан Халал сертификатын қайтарып алғанын айтады. Адал асты таңдаған кезде жұмыртқаға да мән берген жөн,  дейді жауапты сала басшысы. Тіпті, сабынның өзін таңдағанда сақ болған абзал.

 

Айбек Аташев, "Халал Даму" ЖШС директоры.

 

 

 

shymkenttv.kz