Шымкент телевидениесімен бірге

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Асыл жүрек» орталығының жұмысымен танысты. Онда қызмет алушылармен тілдесіп, қарттар күні мерекесімен құттықтады.

 

Мемлекет тарапынан ардагерлерге әрқашан қамқорлық көрсетіліп келетінін және көрсетілетін көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстар Президенттің мемлекеттік саясатындағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

 

Шымкенттегі әлеуметтік-медициналық «Асыл жүрек» орталығы 2019 жылдың наурыз айында ашылған. Мұнда күніне 4 сағат ақысыз жартылай стационарлық жағдайында медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталық екі ауысымда жұмыс жасап, бір ауысымда 80 адамға дейін қызмет көрсетеді.

 

Бұл жерде күн тәртібі зейнеткерлерді дәрігерлік тексеруден басталады. Қарттарға қызмет көрсету үшін жоғары санатты кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Жуырда мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көпфункционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылды.

 

Орталықта жыл басынан бері 235 зейнеткер екі ай көлемінде арнаулы әлеуметтік қызмет алды. Алдағы уақытта орталықтың қала аудандарында бөлімшелерін ашу жоспарлануда.

 

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 351, соның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 12, тыл еңбеккерлері – 2848.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 20:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31