ШЫМКЕНТТЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

08 қазан 2021, 21:10

Бүгін Шымкентте республикалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Іс-шара еліміздің Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «2021 жыл – Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» аясында ұйымдастырылды. Оған салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері қатысты.

 

 

Мақсат - бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау дейді ұйымдастырушылар.Форум қатысушылары кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту  кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибен насихаттау мәселелерін ортаға салды.

 

Лариса Тургинбаева - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкелері кәсіподағы Шымкент қалалық ұйымының төрайымы 

 

«10-қазан кәсіподақ қозғалысының күні. Форум мереке қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Біз мұнда кәсіподақ жұмысын жетілдіру, дамыту мәселелерін қарастырамыз. Кәсіподақ қозғалысының жоспарын, әріптестердің жұмысты дамытуда ұсыныстарын талқылаймыз.»

 

Руслан Ақжігітов - "Шымкент қаласы" кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары

 

 

 

shymkenttv.kz