ШЫМКЕНТТЕ ЕКПЕ САЛДЫРҒАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

22 қараша 2021, 20:53

Шымкентте оқушылар екпесіне деген көзқарас оңалып келеді. Қалада вакцина салдырған жеткіншектер саны артуда.

 

Осыған дейін PFIZER екпесін 1257 адам салдырған. Оның дені мектеп шәкірттері дейді дәрігерлер.

 

Екпе алған жасөспірімдердің жағдайы қалай?

 

Вакцинацияланған балаларға қандай күтім қажет?

 

Әріптесім Мақпал Рысбаева осы сауалдарға жауап іздеп көрді.

 

 

Мақпал Рысбаева тілші

 

Мектеп дәлізінде иін тірескен бұл шәкірттер мен ата-аналар вакцинаның кезегінде тұр. Ата-аналардың көбісі мұғалімдерге алдын-ала  жазбаша келісім бергенімен процесті көзбен көруге арнайы келіпті. 11- сынып оқушысы Зарина Сарманова да анасымен бірге.   Қауіпті індеттен сақтанып, қалыпты жағдайда өмір сүруге мүмкіндік беретін бірден-бір жол осы дейді жеткіншек.

 

Зарина Сарманова, оқушы

 

Айта кетейік, қалада осыған дейін PFIZER екпесін 1257 адам салдырған болса, оның 982-сі 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Қалғаны - жүкті,  емізулі әйелдер. Ақ халаттылар вакцинадан кейін оқушыларды арнайы бөлмеге отырғызып, жүрек жалғатты. Екпе алғаннан кейін кәдімгідей күтім қажет дейді дәрігерлер. Бастысы, суықтап қалудан сақтану керек.

 

Әлия Бекқұлқызы дәрігер:

 

Оқушылар вакциянасы туралы естігенде шымкенттіктер әуелде өре түрегелгені рас. Алайда, бүгінде жеткіншек балаларын вакцинацияуға келісім берген ата-аналар қатары күннен-күнге артып отыр.  Екпені жергілікті емханалар мен мектептерде салдыруға болады. Санитар мамандар вакцина салынатын орындарды күннен бұрын  тексеріп, тиісті талаптарды ескеріп отырады.

 

 

 

shymkenttv.kz