ШЫМКЕНТТІК ЖИҺАНГЕЗ ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

15 қазан 2021, 20:18

Түркістандық жиһанкез 81 жастағы қария Кеңесбек Сейдімбеков біраз жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірін велосипедпен аралап, сырт мемлекеттерге тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттап келеді.

 

Кеңесбек жиһанкез 2001 жылы көктемде велосипедпен Мекке-Мәдинеге сапар шегіп, Елбасы мен бүгінде жұртшылық екінші Мекке атап кеткен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің портреттерін салтанатты түрде табыс етті.

 

Оның бұл ерлігі Меккенің Қызыл кітабына жазылды.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/URdfm6C-j14?list=PLr9dh7zPJ1DfuFJpXOGBPyelBWaumYYlL" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Жиһангез қария 2008 жылы шілдеде Қазақстандағы Ресей жылына орай Шымкент – Мәскеу бағыты бойынша жолға шығып, еліміздің емен-жарқын келбетін мәскеуліктерге мәшһүр етті.

 

Кеңесбек аға үшін ең үлкен әрі айтулы сапар Ауғанстан астанасы – Кабулға баруы еді. Бұл сапарды жиһанкез-велосипедші тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арнады.

 

Жалпы, Кеңесбек аға 2017 жылы ЭКСПО кезінде Нұр-Сұлтан қаласына, одан кейін Өзбекстанға сапар шеккен болатын.

 

Ал бұл жолғы сапарын қария Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймын дейді, - Кеңесбек Сейдімбеков.

 

 

 

shymkenttv.kz