УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

05 қазан 2021, 21:36

Ұстаздар мерекесін тойлау Шымкентегі Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде де жалғасын тапты. Қаладағы іргелі оқу ордасының бір топ оқытушысына ректордың алғыс хаты табысталды. Салтанатты шарада өскелең ұрпақтың білім алуына үлесін қосып жүрген ұстаздардың мерейі үстем болды.

 

 

Әуезді әнмен әрленген бүгінгі әдемі кеш ұлағатты ұстаздардың құрметіне орайластырылды. Жалпы, соңғы оқу жылдары үшінші мегаполистегі озық оқу ордалардың бірі - Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұжымы үшін жемісті болды.   Соңғы үш жылда Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен білім ұясының 3 қызметкері марапатталса, «Құрмет грамотасы» - осындағы 42 қызметкерге табысталды. «Білім беру ісінің үздіктері» де өскелең ұрпақтың мамандыққа машықтануына  үлесін қосып жүр.

 

Рабиға Қуатбекова. Академик А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің ректоры:

 

Университеттің үздік оқытушыларын марапаттау жиынына халық қалаулылары мен жергілікті әкімдік өкілдері де арнайы қатыы. Ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді. Жас буынға сапалы білім беруде, мамандыққа баулуда аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарға бүгін ректордың алғыс хаттары салтанатты жағдайда  табысталды. Солардың бірі университеттің аға оқытушысы - Балтайым Сәбенова.

 

Балтайым Сәбенова, Академик А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің аға оқытушысы

 

Ұстаз еңбегі еленген мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұсласты. Өнерпаздар әннен шашу шашып, педагогтерге әсерлі кеш   сыйлайды. Айта кетейік, жоғары оқу орны  бүгінде шетелдің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтармен бірлесе бірқатар жобаларды тиімді жүзеге асыруда. Бұл бағытта білім ордасы Ресей, Беларусь, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Малайзия, Египет, Кипр, АҚШ елдерімен әріптестік байланыста.

 

 

 

shymkenttv.kz