«ВОЛОНТЕР» КИНОФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

18 қараша 2021, 20:41

Шымкентте «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсауы кесілді.

 

Еріктілер жайында түсірілген кинода әлемді алаңдатқан пандемия кезі бейнеленген.

 

Тығырықтан шығу жолында жастардың еңбегін көрсеткісі келген режиссер, бүгінгі жастардың арасындағы қарым-қатынас жағынада тоқтала кеткен.

 

 

Бір айдың ішінде сценариі жазылып, 4 айда пісіліп жетілген кинотуындыда жастардың арасындағы мәселелер ашық көрсетілген. Осы арқылы олардың саналы әрекет етуіне ықпал жасағым келді, деген режиссер Серік Таласов киноның шынайы әрі көрерменге жақын болуы үшін өзі де еріктілердің қатарында біраз уақыт болғанын айтады.

 

Серік Таласов – режиссер

 

Жастардың  патриоттық санасын қалыптастыруға мұндай туындылардың ықпалы зор екендігі даусыз. Сондай-ақ, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық мәдениетті сақтауды насихаттау арқылы, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын жандандыруды көздейді. Толықметражды кинофильмді басынан аяғына дейін тамашалаған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жастарға неғұрлым іс-әрекет арқылы жеткізілетін туындылар жақын екенін тілге тиек етті.

 

Шыңғыс Мұхан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

 

1 сағатқа созылған кинотуындыны тапжылмай тамашалаған жастар жағы залдан кереметтей әсер алып шыққандарымен жарыса жеткізді. Әсіресе, араларындағы ерікті жастардың  әсері ерекше. Еңбектерінің еленгендеріне дән риза болысқан волонтерлар, әрмен қарай шабытпен жұмыс жасайтындарын айтады.

 

Спикер: Динара Оралова – көрермен 

 

50 жуық жастарды түсірілім алаңына жинаған толықметражды кинофильмінің идеясын Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жазыпты. Еліміздегі үшінші мегаполисте жалпы саны 5 мыңға жуық еріктілер тіркелген болса, бүгінде оның 1500 жуығы белсенділік танытуда екен. 

 

 

 

shymkenttv.kz