Мәселе

11 мыңға жуық адамды астаналықтар қатарынан сызып тастауы мүмкін

  • © inform.kz

    © inform.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 23 млрд теңге жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бұл – тек Нұр-Сұлтан қаласына қатысты дерек. Бүгін міндетті сақтандыруды енгізу мәселелері елордада өткен өңірлік штаб отырысында талқыланды.


Бас қала бұл көрсеткіш бойынша Алматыдан кейін екінші орында тұр. Десе де бұл мәселеде әлі де шешімін таппаған сұрақтар жетерлік.


Атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ақсап тұр. Қала тұрғындарының дені бұл жүйеден хабарсыз.


Енді осы мәселені және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың қорға жарна төлеуін жыл соңына дейін реттеу қажет.


Бақтияр Ғарифуллин, Нұр-Сұлтан қаласы әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары:


– Бүгінде қолда бар статистика көңіл көншітпейді. Қазіргі уақытта 45 462 азаматтың әлеуметтік мәртебесі анықталмаған. Біз әр ауланы аралап, халық арасында сауалнама жүргіздік. Сол кезде 10 768 адам өздерінің жеке мәліметтерін беруден бас тартты. Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл кісілерді астаналықтар қатарынан алып тастауы мүмкін.


 




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 10:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31