Мәселе

14 күн карантинде жатқан Алматының бас санитар дәрігері өзіне тағылған айыпты негізсіз деді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Департамент басшысы Германиядан келген транзиттік рейсте коронавирус жұқпасы табылған адаммен бірге келгендіктен 14 күн карантинде жатқан болатын.

 

Кейін Алматы қоғамдық кеңесі Айзат Молдақасымова дер кезінде оқшауланбай, жұмыс бабымен көп адаммен араласып, адамдардың денсаулығын қатерге тікті деген айып таққан еді.

 

Брифинг барысында журналистер осы сауалды қойды.

 

«Мен өзіме қатысты айыптауларды негізсіз деп санаймын. Мен 14 күн карантиннен шықтым. Осы уақыт аралығында 2 рет тест тапсырдым. Нәтижесі менде вирус жоқтығын көрсетті. Біріншіден, мен Германияда болған жоқпын. Мен тек 1,5 сағат транзиттік зонада болдым. 10 наурызда Германия 2-ші санатқа жататын. Сол себепті Германиядан келген адамдар тек телефон арқылы бақылауда болатын. 13 наурызда неге бірден оқшауланбады деген сұрақ болды. Мен өзім түскі 15.00-де инфекция жұқтырған жолаушымен бірге келгенімді білдім. Естіген уақытта бірден стационарға оқшауланып, тест тапсырдым. Барлығы инфекция жоқтығын көрсетті. 14 наурызда мені емдеуші дәрігерім үйге шығарды. Қазір денсаулығым жақсы»,- деді Айзат Молдақасымова.

 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 16:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30