Мәселе

16 жастағы қызды алты жігіт жарты жыл бойы бопсалап, зорлап келген

  • https://jasqazaq.kz/

    https://jasqazaq.kz/

«Алты жігіт зорлады, бірақ олар жазаланған жоқ» деген бойжеткен қыз бен оның ағасы президенттен көмек сұрайды. Себебі алты ай бойы қылмыстық іс сотқа жетпек түгілі, қысқарып қала берген. Полиция бұл сұмдық істің қысқарғанын растады. Бұл туралы «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасы хабарлайды.

 

Ермек Тұрарұлының сөзінше, қарындасын алты ай бойы алты жігіт бопсалап, қорқытып, зорлап келген. Заеңгерке келген ол бұл сұмдықты дәлелдеп, сотқа жеткізу қияметке айналғанын айтады. Өйткені, қылмысқа қарсы тұруы тиіс, анықтауға міндетті құқық қорғау органдары, керісінше жәбірленушіні &mdash күдіктіге айналдырғысы келеді екен.

 

«Тергеуші айғақтардың бәрін өртеп тастадым деп, қол қойдырып алып кетеді. Ертесі күні тергеу бөлімінің бастығы Әбдірахманұлы Айдархан деген сен неге елге жала жауып жүрсің, арызыңды қайтып ал, әйтпесе, әйеліңді соттаттырам дейді», &mdash деді жәбірленушінің ағасы Ермек Тұрарұлы.

 

Оның айтуынша, 16 жасар жасөспірім, 2018 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың наурызы аралығында өзін қорқытып, қорлық көрсетіп келгендердің қылмысын айтудан қорқып жүргенде, бұл сұмдықты қыздың әкесі білген.

 

Мал қорадағы қан іздері мен қылмысқа дәлел болар айғақ заттарды тауып алған күні, яғни 2019 жылдың 9 наурызы күні жасөспірімнің анасы Панфилов аудандық полиция бөліміне шағымданған. Бірақ сол күннен бері іс әлі сотқа жетпеген.

 

«Алты адамның ішінен біреуінен шәуіті шыққан, ол расталып отыр. Екіншіден, Whatsapp жазбалары бар. Оны толыққанды алмаған тергеушілер. Үшіншіден, кәмелетке толмаған қыз, онымен қарым-қатынаста болған адамдарды бірден беттестірген», &mdash деді заңгер Камиша Есмұхамбетқызы.

 

Зорлық ісіне қатысты айғақтан өзге, бопсалау, қорқыту хаттарын да тергеушілер ескермеді, дейді жәбірленушінің ағасы.

 

Ермек Тұрарұлының сөзінше, «олар қызға сенің қорланған сәтіңді видеоға түсірдік, егер ол тарап кетпесін десең, айтқанымызға көнесің» деп 11 сынып оқушысын қорқытып келген.

 

Ал, Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

 

 «Қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алу, беттестіру, бес сот сараптамасы секілді Қылмыстық іс-жүргізу кодексімен қарастырылған жедел, тергеу іс-шараларының кешені өткізілді, олардың нәтижелері бойынша зорлау дерегі расталған жоқ. Қылмыстық іс тоқтатылды», &mdash деді органда.

 

Алайда жәбірленуші тарап істің қысқарып қалғанын естімеген.

 

 «Алты адамнан зәбір көрдім»деген жәбірленуші, ел президентінен көмек сұрады.

 

«Менің болашағым бар. Кейін күйеуге шығам, үйленем. Ата-анамның намысын жерге таптадым. Қазір олардың бетіне қарай алмаймын. Бірге шәй іше алмаймын. Жазасын берсін. Мен тек қана президенттен қолдау күтем, жазасын беріп, түрмеге қамалып, жазасын алса екен», &mdash деді жәбірленуші Айгүл.

 

Жәбірленуші мен жақындары бұл істі назарға алуын сұрап Бас прокуратураға да шағым жолдады.

 

 

 

jasqazaq.kz




Көрілген: 2452    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28