Мәселе

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

  • 2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

    2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны шамамен 525 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылардың саны 166 мың адамды құрайды.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен 366 млрд теңгеден астам қаражат, оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге &ndash 291 млрд теңгеден астам қаражат, асыраушысынан айырылу жағдайына &ndash 75 млрд теңге төленді, &ndash деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны шамамен 525 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылардың саны 166 мың адамды құрайды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Мысалы, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап жалпы аурудан болған I топтағы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 62 723 теңге, II топқа &ndash 49 983 теңге, III топқа &ndash 33 975 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға &ndash 45 736 теңге болды. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Мысалы, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап асырауындағы бір адамның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 28 095 теңгені, асырауындағы екі адамның жәрдемақысы 48 676 теңгені құрады.




Көрілген: 1596    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31