Мәселе

481 мың теңге: мемлекеттік қызметшілерге "рахмет" айтқан азаматтар жазаланды

  • 481 мың теңге: мемлекеттік қызметшілерге

    481 мың теңге: мемлекеттік қызметшілерге "рахмет" айтқан азаматтар жазаланды

Жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосы қазақстандықтарды Жаңа жылға мемлекеттік қызметшілерге сыйлық бермеуге шақырады


 Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық жасаған қазақстандықтарға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тіпті қылыш та бар" Мемлекеттік қызметшілерге қандай сыйлық жиі беріледі?

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің маманына 600 теңгенің конфетасын сыйлаған әйел әкімшілік жауапқа тартылған. Оған 481 мың теңге айыппұл салынды.

Желтоқсандағы мерекелердің қарсаңында Солтүстік Қазақстан статистика департаментінің екі қызметкеріне екі торт сыйлаған ер адамға да осынша айыппұл салынды. Әрбір тәтті "рахметтің" құны үш мың теңгеден аспайды, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.


Қандай сыйлық үшін қылмыстық жауапқа тартылуыңыз мүмкін?

Жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосы жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарды мемлекеттік қызметшілерге "рахмет" айтудан бас тартуға шақырды. Егер сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен (4810 теңге) асып түссе, "рахмет" айтушы азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


"Бір қарағанда сыйлық жасау зиянсыз болып көрінгенімен, оның жемқорлықтың көрінісі ретінде қоғамдық қаупі бар. Бұл биліктің абыройына нұқсан келтіріп, қоғам алдында беделін түсіреді", — деп есептейді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктегілер.


Мемлекеттік қызметшіге заңсыз сый жасаған адамға, егер қылмыстық жазаланатын әрекет болмаса, 200 айлық есептік көрсеткіш (481 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал заңсыз сый алған лауазымды тұлға 600 АЕК (1 443 000 теңге) айыппұл төлейді.


Егер сыйлық беру немесе алу оқиғасының куәгері болсаңыз, тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 нөміріне хабарласа аласыз. Сонымен қатар, азаматтар агенттік төрағасының ресми блогына хат жазып қалдыра алады.

 




Көрілген: 1080    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30