Мәселе

Bek Air ұшағы соғылған үйдің иесіне қатысты сот кейінге шегерілді

  • https://sputniknews.kz/

    https://sputniknews.kz/

Талғар аудандық сотында ұшақ құлаған үйдің иесіне қарсы Bek Air компаниясының шағымына қатысты сот ісі басталуы керек еді. Алайда сот процесі басталмай жатып, іс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Себебі сотқа тартылушы Ришат Қалибек орыс тілін білмейді, оған аудармашы тағайындалмаған. Сонымен қатар ол өзінің адвокаты жоқ екенін айтты.

 

Алдын ала сот тыңдалымына әуекомпания өкілдері қатысты.

 

Сот отырысы 20 наурызға шегерілді.

 

 

10 ақпанда Bek Air компаниясы ұшақ құлаған үйдің иесі Ришат Қалибекті сотқа бергені белгілі болды.

 

 

Маған орыс тілінде SMS-хабарлама келді. Соттан құжаттарды алып, оны қазақшаға аударуды өтіндім. Сөйтсем мұнда мені айыпталушы ретінде шақырыпты. Олар үй заңсыз жерде салынған және оны алып тастау керек дейді. Олардың не қалап тұрғанын түсінбедім. 21 ақпанда сот болады, - деді үй иесі.

 

Ол адвокат Бақытжан Базарбекке жерді 2014 жылы 14 мың долларға сатып алғанын айтты. Сол жылы үй құрылысы басталып , 2018 жылы аяқталды. Оның құрылысқа жұмсаған жалпы сомасы 25 миллион теңгені құрайды.

 

Ер адам учаскесін сатып алғанда, оған оның Алматы әуежайы маңында орналасқанын ешкім ескертпеген.

 

27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан Bek Air авиакомпаниясына тиесілі ұшақ ұшу кезінде биікке көтеріле алмай, бетон қоршауды бұзып өтті. Содан сырғанап барып екі қабатты ғимаратпен соқтығысты.

 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30