Мәселе

COVID-19-дан жазылған балалардан қауіпті синдром анықталды

  • COVID-19-дан жазылған балалардан қауіпті синдром анықталды

    COVID-19-дан жазылған балалардан қауіпті синдром анықталды

Коронавирустан жазылған 662 балаға зерттеу жүргізіліп, олардан қауіпті мультисимптомдық синдром (MIS-C) анықталды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Пенсильвания университетінің бір топ ғалымы және олардың Хьюстондағы Техас балалар ауруханасындағы әріптестері жаңа синдром өмір бойы бақылауды қажет ететінін болжады. "Бұл – балаларда болатын SARS-CoV-2-мен байланысты жаңа ауру. Балаларда COVID-19-дың белгілері байқалмауы мүмкін (жөтел, тамақ ауруы, ентігу, иіс сезудің жоғалуы). MIS-C қабыну синдромы өлімге әкелуі мүмкін, себебі ол бірден бірнеше мүшеге әсер етеді. Оның ішінде жүрек, өкпе, асқазан-ішек жолдары және жүйке жүйесіне байланысты көріністері бар", - деді зерттеу авторларының бірі Альваро Морейр. Бақылау нәтижелерін медицина ғалымдары «The Lancet» журналына жариялады. Жарияланған ақпаратқа сәйкес 15.01-25.07 аралығында коронавируспен ауырған 662 баланың көпшілігінде жүрек-қан тамырлары жүйесінде қиындықтар болған. Дәрігердің айтуынша, мультисимптомдық синдром белгілері- ісіну, диарея, бөртпе, конъюнктивит, лимфа түйіндерінің ісінуі. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Алкоголь мен темекінің коронавирус жұқтыру қаупін арттыратыны рас па Айта кетейік, Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен онлайн брифингте Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткішінің қашан өсуі мүмкін екенін айтты. Ал Ресей денсаулық сақтау министрлігінің және Мәскеу қаласы денсаулық сақтау департаментінің бас штаттан тыс психиатр-нарколог маманы Евгений Брюн кез келген мөлшерде алкоголь мен темекі өнімдерін тұтыну COVID-19 індетін жұқтыру қаупін арттыратынын түсіндірді.  




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 23:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31