Мәселе

Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген

  • Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген

    Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген

Sulpak ғимаратының алдында кесілген емендер Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл туралы Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқарма емен түрінің құрамы мен келтірілген зиянды анықтау үшін ботаникалық бақ пен Іле-Алатау ұлттық паркіне сауал жолдады. Сарапшылар кесілген ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін анықтады. Ол жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін түр", - деді Наталья Ливинская.
Басқарма басшысы ведомствоға кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесуге өтініш түспегенін атап өтті.

 
"Жексенбіде біз оқиға орнына бардық. Екі жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұған олардың ағаштарды кескені және абаттандыру ережелерін сақтамағаны себеп болды. Біз Sulpak қожайынының өтемақы ретінде ағаштар отырғызуын талап етеміз", - деді Наталья Ливинская.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған еді.




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2020
    Сиыр жылына шолу
    28 Желтоқсан 2020
    ТАЗА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31