Мәселе

TikTok-тағы хайп үшін "ұрып-соққан"

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Тараз тұрғыны Қарағандыда тұратын әпкесін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы оқиғаны хайп үшін ойлап тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Тараздың 18 жастағы тұрғыны мұсылман зиратында видео түсіріп, оны TikTok-қа жариялаған. Ол ұсыныстарда шығып, басқа әлеуметтік желілерде тараған. Видео Instagram-да жарияланғаннан кейін авторға ашулы пікірлер жазыла бастады. Адамдар зират ойын-сауық орны емес, онда видео түсіруге болмайтынын жазды.

 

 

Сөйтіп біраз уақыттан кейін тараздық қыз екінші видеосын шығарды. Онда Қарағандыда зиратта түсірілген видеосы үшін оның әпкесін белгісіз біреулер ұрып-соққанын айтады. Қыз әпкесінің беті, денесі көгерген суреттерін салады. Бұл ақпарат та жылдам тарап, полицейлерге жетеді.

 

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағанды облысы ПД қызметкерлері Қарағандының медициналық мекемесінде жатқан ұрып-соғылған әйелдің видеосы мен суретін тапты. Жарияланымды белгісіз бір қыз түсіндірген. Ол Таразда екенін және онда мұсылман зиратында видео түсіріп, өзінің TikTok-парақшасына жариялағанын айтады. Бұл үшін белгісіз адамдар қоқан-лоқы қорсете бастағанын, салдарынан Қарағандыда тұратын әпкесі "зардап шеккенін" мәлімдейді. Бойжеткен әпкесін үйінің кіреберісінде ұрып-соққанын жазды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Полицейлер бұл ақпаратты тексеріп, тіркеді. Олар зардап шеккен қыздың кім екенін анықтады. Ол шынымен медициналық мекемеде жатқан. Бірақ мұнда Тараздағы сіңілісінің қатысы жоқ болып шықты.

 

"Қыз жарақаттарын Тараздағы видео пайда болғанға дейін тұрмыста алғанын айтты. Ал 18 жастағы қарындасы ескертусіз оның суреті мен видеосын пайдаланған. Ол арыз жазудан бас тартты, ешкімге ешқандай кінәрат артпады", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

 

 




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31