Мәселе

Абай болыңыз! Қыздарды гипноздап, төсекке тартуда

  • © kaz.caravan.kz

    © kaz.caravan.kz

Бұрымдыны гипноздап, бұйрығыңа бағындыруға көмектесетін коуч тренелер қаптап барады. Олар әуелі әлеуметтік желіге жақсылап жарнама беріп, кейін бойжеткенге баруға батылы жетпейтін жігіттерді жинап, сабақ өткізеді. Курс барысында нәзік жанның ниетін өзгертіп, тіпті төсекке тартудың түрлі тәсілін меңгертеді екен.


Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Қыз сені ұмытпайтындай, оның есінде қалу үшін не істеу керек? Шын жанашыры бола алсаң, шәйді сораптап қойеееп сырласатын досына айна аласаң, қыз сені ешқашан ұмытпайды ғой! Бірақ... Бұл ескірген таным деп күледі! Қазір жігіттердің айтары: Ұмытпасын десең, ұмытпайтындай жасау керек,-дейді. Осындаймыз. Осындай болғаннан соң ғой, қызға ұмытпастай түн сыйлауды үйретем дейтін тренингтер көбейіп барады...Сондай сорақы үйірменің біреуі, инстаграмдағы жастарды былғап, бұзып жатыр.


НИКОЛАЙ ГИПНОЗ АРҚЫЛЫ АДАМДЫ ЕРКІНЕН АЙЫРУ ТРЕНЕРІ:


«Представь девушка приходит к тебе поужинать. А ты даришь ему такое ощущение, что она никогда не испытывала, не одним мужчиной. Хочешь научиться такому»


Жәй кездесуге келген қызды гипноздап ал. Сосын саусақты шырт еткізсең, қыз төсекке құлай кетеді. Сосын, білгеніңді істе дейді. Қорқынышты иә?! Гипноздауға үйрететін тренингтерге қатысатындар көбейіп кетсе, не болады? Ең әуелі, қиял боп жүретін бозбаланың ниеті бұзылады. Қарындастарды бұзады. Ең сорақысы, күйеуі бар әйелдерді гипноздап, қол жүгіртсе не болады?


ЕЛНҰР ТОҚЫШЕВ ЗАҢГЕР:


«Бұның арты не болады? Мысалы адам гипноздың состояниесінде болса, оған кім көрінген зияндық келтіруі мүмкін. Әйелдің ар-намысын таптау былай тұрсын, физикалық та зияндар келтіруі мүмкін. Кім біледі, гипноздап алған соң, біреу емес, бес-алтауы жабылса. Кейін осы видеомен шантаждар шығуы мүмкін. Ар-ұяттан аттап кеткен адам, ештемеден тайынбауы мүмкін».


Ішкі істер министрлігіне хабарласқанбыз. Әйел гипноздалып, зорланды деген шағым түскен жоқ. Қылмыс тіркелмейінше, ештеңе айта алмаймыз деп отыр. Шағым түсе бастағанын күтіп отырсақ, гипнозбен қыз бұзу қайтымсыз процеске айналып кетпей ме? Тездетіп, мынау рұқсатсыз гипнозға үйрету тренингтеріне тиым жасау керек.


kaz.caravan.kz


 




Көрілген: 5538    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30