Мәселе

Адам ағзаларын заңсыз алды деген күдікке ілінген дәрігерге қатысты жаңа мәліметтер шықты

  • Адам ағзаларын заңсыз алды деген күдікке ілінген дәрігерге қатысты жаңа мәліметтер шықты

    Адам ағзаларын заңсыз алды деген күдікке ілінген дәрігерге қатысты жаңа мәліметтер шықты

Қазақстанда адам ағзаларды заңсыз алу туралы қылмыстық істе тағы бір күдікті пайда болды. Қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратовпен бірге донорларды тасымалдаған Қырғызстан азаматы да қамауға алынды. Бұл туралы адам ағзаларын заңсыз алды деп айып тағылып отырған танымал трансплантолог дәрігер Ғани Құттымұратовтың қорғаушысы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.


«Қазіргі кезде екі адам қамауда отыр. Біреуі Құттымұратов, ал екіншісі Қырғызстан Республикасының азаматшасы осы істе аудармашы болып қатысқан. Басқа адам ұсталған жоқ. Ол басқа елдің азаматы болғаннан кейін сол кісілердің арасында аудармашы болып қызмет жасаған. Қылмыстық кодекстің қос бабы бойынша күдікке ілінген дәрігер ісін Ішкі Істер Министрлігінің тергеу комитеті жүргізуде. Тіпті мемлекетаралық тергеу тобы да құрылған», – дейді заңгер Алдирза Қуанышкереев.


Телеарнаның хабарлауынша, шетелдік компания жұмыс жасаған схема бойынша дәрігерлер қазақстандық болған. Ал реципиент Израильден болса, донор – қырғыз және тәжік азаматтары болған.


2017 жылы Израиль компаниясы Құттымұратов бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген ұлттық онкологиялық және трансплантологиялық орталықтың басшылығымен Қазақстанда медициналық туризмді ұйымдастыру үшін тірі донордан бүйрек трансплантациясын жүргізу және осы орталықтың базасында ауыстыруға шетелдік пациенттерді тарту бойынша транспланттау келісімшартын жасаған.


Дәрігерлердің әріптестерінің айтуынша, Онкология және трансплантология орталығындағы әрбір операция бірнеше маманның, тіпті басшылардың келісімімен ғана жасалады екен. Ал мұндай келісім орталықпен шетелдік компания арасында болған көрінеді.


Қазақстан заңнамасына сәйкес, Қазақстан азаматтарына бүйректері мен бауырларын шетелдіктерге сатуға тыйым салынады. Тек резидент еместер арасындағы трансплантацияға рұқсат етілген. Жақында ғана Ішкі істер министрлігінде адам ағзаларын заңсыз алу туралы қылмыстық іс қозғады.


ҚР ІІМ ресми өкілінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораздың айтуынша, Құттымұратовтың адам ағзасын заңсыз алу бойынша іске қатысы бары анықталған.


«Оның әрекеттері «екі немесе одан да көп адамға қатысты адамның мүшелері мен тіндерін заңсыз түрде алуға немесе тыйым салуға мәжбүрлеу» бабы. Сондай-ақ, 264-бап бойынша - Қылмыстық кодекстің трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу бойынша сәйкес келіп отыр», - деген сөзін берген телеарна.


Қазақстанда трансплантация жасау өзге елдермен салыстырғанда арзанырақ. Мысалы, Еуропа елдерінде бүйрек трансплантациясы 80 мың доллардан 150 мың долларға дейін жетеді. Ал шетелдік азаматқа мұндай операцияны Қазақстанда жасату үшін 7-8 мың доллар көлемінде қаржы қажет екен.


3 айға жуық уақыт қамауда отырған әріптестері әділ тергеуді талап етіп отыр. Олар еліміздің Бас прокуроры мен Ішкі істер министрінен Ғани Құттымұратовты тергеу амалдары аяқталғанша, уақытша босатуды сұрауда.

Күдікті тар қапаста отырып, әріптестеріне хат жолдаған екен. Онда ол "мені Израильдік компаниямен келісе отырып, шетел азаматтарына заңсыз ота жасады деп айыптауда" деп жазған көрінеді. Ал, елімізге белгілі ақхалаттылар күні кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, Құттымұратов тек басшылардың айтқанын орындаушы, ол шетелдік компаниялармен жеке дара келісімге келмеген деп отыр.

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31