Мәселе

"Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді" – Алматы облысындағы сұмдық жағдай

  •  Сурет: zakon.kz

    Сурет: zakon.kz

Атып өлтірген ағамыздың басын ала алмай отырмыз. Осылай деп Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғындары шағымданды, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Айтуларынша жалданып қой бағатын 45 жастағы ағасы 23 тамызда жоғалып кетіпті. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан.

 

Сараптама оның басынан атып өлтіргенін анықтаған.

 

Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған.

 

Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан марқұмның жаназасын да шығара алмады.

 

Бауырынан айырылғандардың тергеу амалдарына да көңілі толмай отыр. Әзірге аймақтың полиция департаменті бұл сұмдық оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтпады.

 

Нұрлан Ниязов, марқұмнын бауыры:

 

– Ағамыздың басын алып қалды экспертизаға бермей. Денесін алдық, жерледік. Жаназа оқытылған жоқ. Сол себепті сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз анығына жету үшін. Полицейлер өз нелерімен жұмыс атқарған жоқ. Жаңағы прокуроры бар, следак бар, начальник РОВД бар ешқайсысының жұмысына көңілім толған жоқ.

 

 




Көрілген: 1818    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 18:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31