Мәселе

Ахмет Байтұрсыновты "билетіп" қойған тиктокерлер жұрттың ашу ызасын туғызды (видео)

  • Видеодан скриншот: Instagram / qazaqpyz_goi

    Видеодан скриншот: Instagram / qazaqpyz_goi

Әлеуметтік желі қолданушылары соңғы кезде танымал болып жүрген тикток қосымшасында еліміздің біртуар азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановты "билетіп" қойған тиктокерлерге ашуланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Видеоны Instagram желісінде qazaqpyz_goi парақшасы бөлісіп, тиктокерлердің әрекетін сынға алған.

 

"Тренд деген, әрине жақсы ғой... Бірақ қасиетті, тиісуге болмайтын дүниелер болу керек емес пе? Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды азаматтар - қазақ халқының ұлы тұлғалары", - деп жазған видеомен бөліскендер.

 

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары видео авторына ашулы.

 

"Ұлы тұлғаларымызды мазақ қылып болды", "Марқұм кісілердің жандарына тыныштық берші. Айналайын, тиктокер бала", "Қайда осыларды қадағалап отыратын арнайы құзырлы қызметтер? Жазасын заңға сай берсін", "Қайран ата-бабам-ай", "Мыналары не сұмдық, тіпті өлген адаммен ойнап", - деп ренішін білдірді көпшілік.

 

Желі қолданушылары тиктокерлерге аруақты сыйлау керектігін ескертіп, мұндай әрекетке баруларын доғаруды талап етуде.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/100041723182993/videos/pcb.1963636270679677/373982590669177/




Көрілген: 1174    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 13:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31