Мәселе

Аида Балаева: Вакцинация - вирусты жеңудің жалғыз жолы

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл жайында ол «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазір көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Денсаулығыма ешқандай әсерін тигізген жоқ. Инені салған кезде ауыратыны бар, сәл ауырсыну болды. Медицина қызметкерлерінен жалпы нұсқаулық сұрап алдым. 2-3 күн денсаулығымды күтіп, суыққа шықпай, маска киіп жүру сынды сақтық шараларын орындайтын боламын. Енді 21 күннен кейін екінші компонентін аламын», - деді министр.

 

Сонымен қатар ол «Спутник V» вакцинасын алғанын атап өтті.

 

«Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатқаны белгілі. Оны күтпеу үшін бүгін ресейлік Спутник V вакцинасын салдырдым», - деді Аида Балаева.

 

Ақпарат министрінің атап өтуінше, әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек. Өйткені, бұл оның ғана денсаулығының емес бүкіл қоғамның қауіпсіздігі.

 

 

«Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, вакцинация - вирусты жеңудің жалғыз жолы. Вакцина салдырғаннан кейін де қауіпсіздік іс-шараларын ешкім де өзгертіп жібермегені түсінікті. Қалыпты өмірге оралуымыз, балаларымызды мектепке жібере алуымыз, жақындарымызбен кездесіп, отбасылық, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды өткізуіміз үшін ұжымдық иммуниеттің қалыптасуы өте маңызды»,- деді ол.

 

 

 

 

 




Көрілген: 743    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 20:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31