Мәселе

Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруға мүмкіндік бар - Бас прокуратура

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР мен ҚХР мемлекеттерінің құзырлы органдары бір келісімге келген жағдайда Қытайда сотты болған Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өз елінде өтеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бізде Қытай Халық Республикасымен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерді ұстап беру және экстрадициялау бойынша келісім бар. Қазіргі таңда тарап (Ақжарқын Тұрлыбай) сот үкіміне шағым (яғни апелляция) беріп отыр. Егер сот үкімі шығып күшіне енсе, онда Ақжарқын Тұрлыбай осыдан кейін Қазақстанға өтініш бере алады. Бұл жағдайда ҚР мен ҚХР елдерінің Бас прокуратуралары Ақжарқынның жазасын Қазақстанда өтей алатындай бағытта жұмыс жүргіземіз», - деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

 

Оның айтуынша Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында сотталғандарды өзара тапсыру тәжірибесі болған.

 

«ҚХР сотының түпкілікті шешімі шыққаннан кейін үкім заңды күшіне енуі тиіс. Осыдан соң біз ҚХР-мен өзара келісімге сәйкес қарым-қатынастар аясында жұмыс жүргіземіз. Жалпы халықаралық шарттарда бас тарту негіздері көрсетілген. Егер ол босқын немесе саяси себеп болса, онда одан бас тартуға болады. Ал егер санатқа жатпаса онда екі жақтың шешімімен елге қайтаруға толық мүмкіндік бар», - деді ол.

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 13:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31