Мәселе

Ақмола облысында 9-сынып оқушысы мектеп шатырынан құлап кетті

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Ақмола облысында мектеп шатырын жөндеу кезінде 9-сынып оқушысы құлап кетті. Осыған байланысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 10-ында сағат 12:25-те Ақкөл аудандық орталық ауруханасының медбикесінен «жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, бас сүйегінің сынуы» диагнозымен 14 жастағы жасөспірімнің қабылдау бөлмесіне жеткізілгені туралы телефон хабары түсті.

 

Анықталғандай, 10 қыркүйекте сағат 10:00 шамасында кәмелетке толмаған бала Ақкөлдегі Ж.Бектұров атындағы №3 орта мектепке келген. Еңбек шартын жасаспай мектеп ғимаратын жөндеуді жүзеге асыратын қосалқы мердігер ұйымның бригадирінің тапсырмасын орындаған.

 

Техперсоналдың айтуынша, кейінірек бала ғимараттың төбесінде жүргенінде, аяғы тайып, жерге құлаған. Жедел медициналық көмекті оқу орнының медбикесі шақырды.

 

Бүгінгі таңда мектеп қашықтан жұмыс істейді. Зардап шеккен кәмелетке толмаған бала таңертең бейнеконференция арқылы мектеп сабақтарына қатысқан. Ал, баланың мектеп аумағында жүргендігін мектеп директоры да білмеген.

 

Баланың зардап шеккендігін облыстық білім басқармасындағылар да растады.

 

«Иә, расында да, бұл мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы зардап шекті, ол мектеп оқушысы болып шықты. Қазіргі уақытта бала өз өзіне келді, жарықты сезеді, көзін ашады. Аудандық аурухана дәрігерінің мәліметінше, санавиация дәрігері тексеріп, бала облыстық ауруханаға тасымалдауға мұқтаж еместігін айтты. Осы оқиға бойынша аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу жүргізілуде», - деді білім басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

 

Полиция департаментінен атап өткендей, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156 бабының 2 бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан бұзушылық» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 




Көрілген: 700    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 21:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31