Мәселе

Ақтөбе облысы әкімдігін сотқа берген білім басқармасының экс-басшысы жаңа лауазымға ие болды

  • Ләззат Уразбаева. Фото: instagram.com/urazbaeva_lazzat_15

    Ләззат Уразбаева. Фото: instagram.com/urazbaeva_lazzat_15

Жұмысынан жанжалға байланысты шығып қалған Ақтөбе облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Ләззат Уразбаева жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды "Диапазон".

 

Ләззат Уразбаева ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалған.

 

"Ләззат Аманжолқызы 19 қазаннан бастап жұмыс істеп жатыр. Ол осы қызметке тағайындалу үшін заң бойынша белгіленген конкурстық процедуралар мен әңгімелесуден өтті", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев.

 

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 8 наурыз қарсаңында Ақтөбе облысының әкімдігі облыстық білім басқармасына Темір ауданының бұрынғы әкімі Жолдас Батырхан басшы болып тағайындалғанын мәлімдеген болатын.

 

Ләззат Уразбаеваның сөзінше, бұл туралы ол әлеуметтік желілер арқылы естіген.

 

Сондай-ақ, өзін жұмыстан шығару туралы бұйрықты көрмеген.

 

Оның айтуынша, микроинсульт алған соң ақпан айынан бастап денсаулығына байланысты демалыста болған.

 

Осыдан кейін Ләззат Уразбаева Ақтөбе облысы әкімдігінің аппаратын сотқа беріп, өзін қызметіне қайта тағайындап, мәжбүрлі түрде жұмыссыз қалған уақыты үшін жалақы төлеуді талап еткен.

 

Алайда педагогтің талабы қанағаттандырылмады.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1085    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 18:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31