Мәселе

Ақтөбе облысында қытайлықтар жолды жауып тастаған

  • Ақтөбе облысында қытайлықтар жолды жауып тастаған

    Ақтөбе облысында қытайлықтар жолды жауып тастаған

Қазақстанның қақ ортасындағы Қытай шекарасы! Ақтөбе облысында шетелдік инвесторлар жерді заңсыз меншіктеп алған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Кеңқияқтан Ембіге апаратын республикалық жолдың бойына қытайлар бекет орнатып, рұқсатсыз ешкімді аттап бастырмайды. Тіпті сол маңдағы ауылға бару үшін СНПС-Ақтөбемұнайгаздың арнайы құжаты қажет.

Ал басқа кен орнында істейтін мекемелер мен сол аймақтағы ауыл тұрғындарынан мемлекеттің жолымен еркін қатынау үшін ақша сұрайды екен. Олардың бұл қылығын шенеуніктер заңсыз десе де, оларды елеп-ескерер СНПС жоқ.

Кеңқияқтан Ембіге қатынайтын жолдың бойында қытайлық инвесторлардың мұнай зауыты орналасқан. Олар енді мемлекетке тиесілі жолдың 23 шақырымын меншіктеп, өз бақылауларына алыпты.

Тас жолдан көлікпен өту үшін "СНПС-Ақтөбемұнайгаздан" мөр басқан рұқсат құжат қажет. Тіпті сол маңдағы Қожасай ауылына жетуге де транзиттік жолдама сұрайды екен. Оған мөр басатын да қытайлық инвесторлар.

"Қытайдың шекарасынан өткендей боламыз. Өз елімізде жүре алмаймыз. Мына пропускіде отырған жігіттердің түсінігі жоқ ешқандай. Шаш ал десе бас алады. Оның бәрі болмайды ғой. Заңдастыру керек", - дейді тұрғындар.

Жаңажол кен орнында "СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" кәсіпорындарынан да басқа мекемелер бар. Ондағылар да өз жұмыс орындарына жету үшін қытайлардан рұқсат алады. Тіпті, алпауыт мұнай компаниясы бір көлікті өткізу мың теңге сұрайды екен.

"Егер рұқсат алмасаң бұл жерден өте алмайсың. Жұмысымызға соның кесерінен жете алмадық. Бізге мемлекеттің жолы үшін ақша төле дейді. Жеңіл көлікке 200 мыңнан, жүк көлігіне 300 мыңнан шығады. Бұл деген барып тұрған сорақылық қой",- дейді Ақтөбе облысының тұрғыны Кенжетай Тлеумағанбетов.

Мұнай компаниясындағылар бақылау бекетін қауіпсіздік үшін қойғандарын айтады. Ал мемлекет меншігіндегі жолды жалға алдық деп отыр.

Тек олардың бұл уәжін жергілікті шенеуніктер жоққа шығарды.

"Мына тұрған жолымыз облыстың жолы. Енді былай айтқанда СНПС Ақтөбемұнайгаз шлагбаум қойғаны заңсыз. Прокуратура мен біздің мекемемізбен ұсыныс берілді. Мына шлагбауымды алып тастау керек", - дейді  Ақтөбе облыстық автокөлік жолдары басқармасының бөлім басшысыДастан Аманов.

Аймақтағы мұнай алпауыты "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясына прокурорлардың да тісі батпай отыр. Мына өткізу бекетін жоқ қылу туралы олар сан мәрте ескерту жасаған. Бірақ қытайлық инвесторлардың оны орындайтын түрі жоқ.

NUR.KZ




Көрілген: 1583    Пікірлер: 1

жұма, 14.11.2014, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31