Мәселе

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

  • Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

    Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

Ақтөбеде жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті.

 Ол оқиға орнында көз жұмды. Келеңсіз жағдай 3 желтоқсан күні сағат 21:05-те болды. «Ланд Крузер Прадо» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының Пацаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеді. Салдарынан 2006 жылы туған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚР ҚК «Жол қозғалысы ережесін бұзу« бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Мұндай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенет шыққан жағдайда да әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы тиіс», – деді Е.Сарқұлов.




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сенбі, 04.12.2021, 13:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31