Мәселе

Ақтөбеде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адам қайтадан түрмеге түсті

  • https://316news.org/

    https://316news.org/

Ақтөбе полициясы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, заңды қайта бұзған 25 адамды түрмеге қамады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ақтөбе облысының учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан бері «Есеп» және «Есеп элементі», «Тұрмыс», «Құқықтық тәртіп», «Учаске» сияқты жедел-алдын алу шарасын, сондай-ақ рейд өткізді. Нәтижесінде биыл 5 айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында жасаған қылмыс 21,6% төмендеді.

 

Бостандыққа шыққаннан кейін қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзуды жалғастырған 25 адам қайтадан бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті пробация қызметімен бірлескен жұмыс нәтижесінде қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзған 75 адамға қатысты шартты жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Ал сотталған 4 адамның сынақ мерзімі ұзартылды.

 

«Полиция департаменті ҚАЖД және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру, оларды жаңа мамандыққа қайта оқыту мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына бостандыққа шыққан адамдардың мекенжайы берілді», дейді ЖПҚБ бастығының орынбасары Амантұрлы Такешев.

 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға және қайта оқытуға жәрдемдесу бойынша түрлі акциялар өткізіліп тұрады. Биыл 217 адам жұмысқа орналастырылып, екі адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді.

 

 

 




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 10:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31