Мәселе

Ақтөбелік әйел кафеде омырауына жабысқан ер адамды итергені үшін сотталды

  • Көрнекі фото: piqsels.com

    Көрнекі фото: piqsels.com

32 жастағы ақтөбелік тұрғын Жанат Иманғалиева әділдік іздейді. Жалғызбасты анаға байқаусызда адам өлтірді деген айып тағылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Келіншек сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Тек алты жастағы жалғыз ұлының асыраушысы болмағандықтан жазаны өтеу мерзімі екі жылға кейінге шегерілген.

 

"Биыл 8 ақпан күні болған жайсыз жағдайдан кейін маған жала жабылды. Сол күні кешкілік құрбым екеуміз кафеге демалуға бардық. Билеп жүрген кезде ішімдік ішкен ер адам қайта-қайта қасыма жақындап, арыма тиетіндей іс қимылдар жасады. Бірнеше рет омырауымнан ұстауын қоймаған соң жай ғана итеріп жіберген болатынмын. Сол жерде ол адам құлап қалған. Мен әрі қарай жөніме кеттім, ішімдік ішкен адам болған соң көңіл бөлмедім. Кейін маған полиция қызметкерлері хабарласты. Кафеде маған тиіскен адамның қайтыс болғанын айтты. Зауыт полиция бөлімшесіне барып түсініктеме жаздым. Өзім заңды білмеймін. Тергеушінің "ештеңе болмайды" деген сөзіне сендім.

Сұрақтарына жауап беріп, қағаздарға қол қойғызды. Қасымда адвокат болған жоқ. Заң өкілдеріне жүгіну керектігін білген жоқпын. Кафеге барғанымды растап, ұятты жерімді ұстаған адамды итергенімді айттым. Қылмыстық бапты жазып, қолымды қойғызды", – дейді істі болған келіншек Жанат Иманғалиева.

 

Оқыстан болған оқиғаға қатысты іс сотқа жеткен. Сот үкімімен келіншек ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазаны орындау уақыты 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Айыпталушыдан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынған.

Сонымен қатар, жәбірленуші тарапқа 768 114 мың теңге материалдық залал және бір миллион теңге моральдық зиян төлеу сотпен міндеттелген.

 

"Мен жағдай бұлай ушығады деп ойламадым. Қалай ақталарымды білмеймін. Ол өлімге қатысым жоқ. Қиналғанымнан мешіттен көмек сұрап бардым. Имам адвокатқа жүгінуге кеңес берді. Адвокат іс қағаздарымен танысып, бірден сараптама қорытындысы менің итергеніммен сәйкес келмейтінін айтты. Себебі сараптама қорытындысында ер адам жарақатты маңдай тұсынан алған. Ал кафеде ол адам шалқасынан құлады. Физиологиялық түрде ешқандай сәйкестік жоқ. Мені сонда да қылмыскер деп танып, істі сотқа жіберді. Сараптамада тек маңдай тұсында ғана емес, ол адамның тізеден төмен жерінде, кеуде тұсында жарақат бар екен. Мен оған ондай жарақат жасаған жоқпын. Сәйкестік жоқ. Мүмкін ол адам кейін құлаған шығар", – дейді көмек сұраған келіншек.

 

Сот материалдарында марқұмның үйіне ессіз, үсті лас күйінде жеткізілгені айтылған. Оны таныстары үйіне көтеріп кіргізген. Көзге көрінетін жарақат болмаған соң қатты мас деп ойлап, ешкім көңіл бөлмеген.

Таң ата ыңғайсыз дыбыстар шығарған соң жұбайы жедел жәрдем шақырады. Ауруханаға түскеннен кейін марқұмның бас сүйегі сынғаны белгілі болды. Бір аптадан кейін көз жұмған.

 

Өлімге кінәлі деп танылған келіншек сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

 




Көрілген: 1835    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31