Мәселе

Ақтөбелік шенеуніктер жесір мен жетімге берген уәдені орындамаған

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Ақтөбеде радикалдардың қолынан қаза тапқан полицейдің отбасы шенеуніктердің уәдесін орындата алмай жүр. Темірбек Жақсылықбаевты экстремистер 8 жыл бұрын қала сыртында атып өлтірген.

 

Сол кезде аймақ басшынан бастап, генералдарға дейін қаралы отбасыға тәртіп сақшысының ерлігін ескеріп, «көшеге атын береміз» деп уәде берген.

 

Көше тұрмақ, сол уақыттан бері ұядай үй де бермеген. Содырлар қолынан қаза тапқан Темірбектің жесірі мен жетім қалған ұлы содан бері қызметтік пәтерде тұрып жатыр.

 

Темірбек Жақсылықбаевтың отбасы қазаға көндіккенімен, құр уәде мен әділетсіздік титықтатып жіберген. Тәртіп сақшысының экстремистер қолынан қаза тапқаны толық дәлелденгенімен, 8 жыл бұрынғы оқиға лаңкестік шабуыл деп танылмапты.

 

Сол кезде түнгі кезекшілік кезінде қылмыстық топты ұстауға қала сыртына дейін қуып барған Темірбекті экстремистер атып өлтірген болатын.

 

Гүлфия Жақсылықбаева, марқұмның жесірі:

 

- Сол уақытта оларға тура сол бір қызметкердің қанын төгу керек болды. Бәрібір болған. Менің күйеуім бе, басқа бола ма. Полицейлерді өлтіру керек болған сол күні. Полиция күні ғой.  

 

Қайғылы оқиғадан соң көңіл айтып келген облыс әкімінен бастап, генералдар мен депутаттар марқұмның атына көше беріп, «ерлігі елеусіз қалмайды» деп уәде беріпті. Жесірі мен жетім қалған төрт жасар ұлын үймен жарылқайтынын айтады.

 

Бірақ сегіз жылдан бері көше тұрмақ, қуықтай баспана да бұйырмады. Тек үшінші дәрежелі «Айбын» орденін табыстаған. Әлі күнге дейін олар полицейлердің қызметтік пәтерінде тұрып жатыр.

 

Садира Қасенова, марқұмның анасы:    

 

 - Келіп, балама үй береміз деді. Сосын Бес жылдан кейін көше береміз деді. Генералдың өзі, Амиров па, сол кісі болды, өз аузынан шықты. Немерем сол кезде төрт жарым жаста. Суретін бір жылға дейін құшақтап жылап жүрді. Енді қазір өсті. Амандық болса, он үшке толады. Әлі үйі жоқ, атағына берген көшесі де жоқ.

 

 Ерлікпен қаза тапқан марқұмның отбасына сол кездегі әкім Архимед Мұхамбетов уәде еткен үйді облыстың ендігі басшылары бергісі жоқ. «Уәдені берген адамнан сұрау керек» дегенге саяды жауаптары.

 

Ержан Мұздыбаев, Ақтөбе облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

 

- ҚР заңнамасына сәйкес, кезектен тыс және де отбасы жағдайы ескеріліп, кезектен тыс үй беру қарастырылмаған. Қызмет бабында атқарылған жұмыстары, барлығы кезек ретімен тұр. Бұл жерде бұл кісілерден бөлек , жағайын, әрине, түсінеміз. Бұлармен қатар да басқа азаматтар да бар, осындай жағдайға тап болған. Барлығы кезекке тіркелген.

 

Бұрынғы әкімдер мен полиция департаменті басшыларының берген уәдесін қазір ешкім мойнына алғысы келмейді.

 

Ал содырлар қолынан қаза тапқан Темірбек Жақсылықбаевтың ерлігі осылай ұмытылғанына туғандары наразы. Енді тек ат арытып Ақордаға барудан басқа шара қалмады деп отыр.

 

ktk.kz




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 23:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30