Мәселе

Алаңдатарлық жағдай: Коронавирус ауылдарға жетті

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Коронавирус инфекциясы ауылдарға да жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Біз қазір ауылдарда да вирус ошақтарын анықтап жатырмыз. Облыс әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы органдармен осы ошақтарды оқшаулау бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр", - деді министр онлайн брифингте.

 

Осы орайда ол ауыл атұрғындарына өтініш жасады.

 

"Менің айтатын дегенім, ол жерде тұратын кейбір азаматтар сенбейді, коронавирус бізге жетпейді деп ойлайды. Шынын айту керек, қазір үлкен қауіп бар. Ауылдық жерлерде де карантиндік шараларды қабылдау керек. Азаматтар мүмкіндігінше отбасымен бірге екі апта бойы үйде отырғаны абзал", - деді Біртанов.

 

Ол республиканың ірі қалаларында енгізілген карантин режимі оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті.

 

"Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында инфекцияның таралуы баяулағанын байқап отырмыз. Осы екі қалада карантин шаралары әрі қарай да күшейтіледі. Басқа өңірлерде өсім бар. Бірақ карантин шараларының арқасында күн сайынғы өсім бір деңгейде", - деді министр.

 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 18:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31