Мәселе

Алаяқтар алматылық әйелдің атынан үш банктен 5,5 млн теңгеге несие рәсімдеген

  • Еуразия бірінші арнасы

    Еуразия бірінші арнасы

Алматы қаласының тұрғыны өз атына 5,5 млн теңге несие рәсімделгенін айтты. Марина Бостанжиеваның сөзінше, ол алаяқтардың құрбаны болған. Оңтүстік астана тұрғыны "Еуразия бірінші арнасының" редакциясына көмек сұрап, хабарласқан.

 

Әйелдің сөзінше, бәзбіреулер атынан үш банктен несие рәсімдеп жіберген.

 

Марина Бостанжиеваның айтуынша, ол өзін банк менеджері ретінде таныстырған қызбен сөйлескен. Менеджер Маринаның атынан несие алу үшін бірнеше мәрте өтініш түскенін айтқан. Алматылық болса, ешқандай өтініш бермегенін жеткізген. Сол кезде банк қызметкері Маринаға қауіпсіздік қызметінің қызметкері хабарласып, мәселені толық шешетінін айтады. Әйелге жеке куәлігін дайындап, қоңырау шалған адамның айтқанын орындауын өтінген.

 

"Ол маған "Үйде жалғызсыз ба?" деді. Мен "Жоқ, 11 жастағы немерем бар" деп айттым. "Телефонды оған беріңізші" деді. Немереме телефонды бердім. Қазіргі балалар пысық ғой. Ол немереме "Осы бағдарламаны көшір, біз әжеңмен тікелей жұмыс істеуіміз керек" деді. 15 минуттан кейін қайтадан хабарласты. Мен "Денис, сіз мен алдап отырған боларсыз. Бұлай болуы мүмкін емес! Бұл не тағы? Мен қазір банкке барамын" дедім. Ал ол болса "Қалауыңыз білсін, барыңыз! Уақыт жоғалтасыз!" деді", - дейді алматылық әйел.

 

Тілшінің сөзінше, банктің жалған қызметкері жәбірленушінің немересіне телефонға құрылғыға қашықтықтан қол жеткізуге арналған қосымша орнатуды ұсынған. Мұндай бағдарламалар телефонды толық басқаруға, сондай-ақ жеке деректер мен құпиясөздерді алуға мүмкіндік береді.

 

"Ол сондай сыпайы әрі ашық адам! Сіз тіпті, алдап жатыр деп ешқашан ойламайсыз. Мен 80 мың теңге жалақы аламын. Зейнет жасына келген адаммын. Келесі жылы зейнетке шығуым керек. Банк қызметкерлері бұған қалай жол берді. Несиені мақұлдайтын жерде адам отырады емес пе? Менің зейнетақы аударымдарыма, зейнет жасыңа жеткінімді біліп тұрып, қалай рұқсат берді. Олар қазір барлық деректі біледі емес пе? Мен үш банкке қарызбын. Басқа екеуінің несие беруден бас тартқанына рақмет", - дейді Марина Бостанжиева.

 

Әйелдің ойынша, өзін алдағандар банк қызметкерлерімен сыбайлас. Ол мұндай істі келісімсіз жасау мүмкін емес деп есептейді. Зардап шегуші полицияға да арыз түсірген.

 

"Пандемияға басталғалы бері алаяқтардың саны да артты. Біз тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында қаржы институттарымен бірлесіп, абайсызда алаяқтардың құрбаны болып, шын мәнісінде ақшаны өздері алмаған адамдарды несиені төлеуден босату мәселесін қарастырып жатырмыз", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 18:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31