Мәселе

Алаяқтар банк клиенттері туралы мәліметті қайдан алады?

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Соңғы кездері банктен қоңырау шалатын алаяқтар көбейіп кетті. Әлеуметтік желіде бұларға алданып қалған адамдар үндеу таратып, басқаларды ескертуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

Осы ретте әр адам туралы жеке мәліметті алаяқтар қайдан алады деген сұрақ туындайды. Бұған қатысты ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов министрлікте өткен брифинг барысында жауап берді.

 

Айтуынша, мұндай ақпаратты білу үшін банкте жұмыс істеудің немесе банк қызметкерлерімен байланысты болудың қажеті жоқ. IT-технология саласында білімі болса жеткілікті екен.

 

- Әдетте, алаяқтар ақпараттық технологиялар саласында білімді болып келеді және ғаламторда кез келген адам туралы белгілі ақпаратты тауып алу олар үшін аса қиын емес: мысалы, аты-жөні, банк шотына байланған телефон номері. Себебі көп адамдар хабарламалар жариялайды, ғаламтор арқылы төлем жасап, ақша аударады, - дейді Санжар Әділов.

 

Қазіргі таңда ішкі істер органдарында банк клиенттері туралы жеке мәліметтердің таралып кетуіне қатысты фактілер тіркелмеген.

 

- Өміріміздің барлық саласына ақпараттық технологиялардың тез енгізілуіне дайын болмай шықтық – мемлекет те, қоғам да, азаматтар да. Оның үстіне, шектеу шаралары кезінде адамдар ғаламтор арқылы қызмет көрсетуге ауысты. Бұл жағдайды алаяқтар өз пайдаларына шешіп кетті. Салдарынан ғаламтордағы алаяқтық бойынша қылмыстардың саны артуда, - деді Әділов.

 

Департамент басшысының мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тұрақты негізде әрекеттесіп отырады. Олар банк қызметін реттеумен айналысады, оның ішінде киберқауіпсіздік де қарастырылған.

 

 




Көрілген: 924    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 00:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31