Мәселе

Алматы әкімі полиция басшысына тапсырма берді

  • © twitter.com/sagintayev_b/

    © twitter.com/sagintayev_b/

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық полиция департаментінің басшылығымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен жиын өткізді. Бұл туралы мегаполис басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Істің жағдайын, келеңсіз жайттарды және мегаполисте қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті күшейтудің алдағы шараларын талқыладық. Ұрлыққа, бұзақылыққа, тонауға және нашақорлыққа қарсы күресті барынша күшейту қажет. Мұнда патрульдік полицияның жұмысын қайта қарап, видеобақылау желісін кеңейткен жөн. Полиция департаментіне учаскелік пункттерге тексеру жүргізуді, модернизация бойынша ұсыныс беруді тапсырдым. Полиция жұмысының басты көрсеткіші халықтың сенімі болуы тиіс. Барлық мәселелер менің жеке бақылауымда", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.



Сондай-ақ, қала басшысы Twitter желісіндегі парақшасында құқық қорғау орган өкілдерімен болған жиын туралы былай деп жазды: "Қылмысқа, криминалға, есірткіге қарсы күресудің, ППҚ пен учаскелік пункттердің жұмысын жаңартудың жолдарын белгіледік. Алматы тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз қала болуы тиіс. Бұл ПД жұмысына берілген баға".

 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 16:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30