Мәселе

Алматы карантинге жабыла ма: Қаланың бас санитар дәрігері жауап берді

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Онлайн брифингте Алматының бас санитар дәрігері коронавирустың таралуы туралы қазіргі мәліметтерді жариялап, карантин режимін қатаңдатуға себептің бар-жоғын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қаладағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталған.

 

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының бір ғана жағдайы тіркелген. Аурудың тәуліктік өсімі 0,006% құрайды. Таралу деңгейі 1 пайыздан төмен.

 

Сонымен қатар, өткен тәулікте қалада этиологиясы белгісіз пневмонияның бір ғана жағдайы тіркелген.

 

Жалпы, Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің мәліметтері бойынша, осы уақытта қалада төсек-орындардың тек 5% -ы ғана қамтылған.

 

Бұрын енгізілген шектеу шаралары ЖРВИ мен тұмаудың таралуына да әсер еткен.

 

Бекшиннің айтуынша, мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу, қала басшылығына карантиндік режимді одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 

"Біздің қалада жағдай тұрақты, алаңдау мен жалған ақпарат таратуға себеп жоқ. Мұның бәрі (қаланың карантинге жабылатындығы туралы ақпарат &ndash ред.) жалған ақпараттың тарауы. Мен бұл процеске қатысқым келмейді. Қаланы жабу қарастырылып отырған жоқ", &ndash дейді Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

 

Еске сала кетсек, жақында Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қалада бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілген.

 

Оған қоса, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қашықтан сабақ оқып жатқан 73 баланың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

 




Көрілген: 1796    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30