Мәселе

Алматы облысында бір елді мекенге бекеттер қойылды

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматы облысының Шонжы елді мекеніне бекеттер қойылды. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі  хабарлады.

 

Шонжыда соңғы он күнде 21 адамнан ковид белгілері анықталған.

 

Індеттің өршуіне байланысты аудандық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен ауылға төрт бірдей тексеріс бекеті қойылды. Соның негізінде бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілді. Нақтырақ айтқанда, бір отбасы мүшелері болмаса көшеде топтасып жүруге тыйым салынды.

 

Сауда үйлері мен дүкендердің жұмыс уақыты қысқартылды. Елді мекенге сырттан келгендер кіргізілмейді. Тек азық-түлік тасымалдайтын және транзит арқылы өтетін медициналық, коммуналдық қызметтер мен өзге құрылымдардың мамандарына ғана рұқсат беріліп отыр.

 

Оның өзінде жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізілгеннен кейін жіберіледі.

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2020
    Сиыр жылына шолу
    28 Желтоқсан 2020
    ТАЗА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31