Мәселе

Алматы облысында қарызын қайтармаған 105 борышкер қамалды

  • © nadezhda.kz

    © nadezhda.kz

Алматы облысында жыл басынан бері қарызын қайтармаған 105 борышкер қамауға алынды. Олардың арасында әкімшілік айыппұлын өтемеген, алимент төлемеген азаматтар басым, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы облысында 400-ге жуық азамат мемлекетке ақша қарыз. Олардың тек 178-і 4 млрд, 600 млн теңге берешек. Мәселені шешу үшін құзырлы органдар бірлесе отырып арнайы рейдтер ұйымдастыруға мәжбүр.


Полиция қызметкері жылжымалы қондырғы арқылы борышкер көлігінің мемлекеттік нөмірін анықтайды. Жол полицейі көлікті тоқтатады. Мамандар мәліметтер базасынан қарызын тауып берсе, сот орындаушылар өндіруге кіріседі. Берешегі көп болса көлігін айып тұрағына қойып, өзін қамауға алуға да құқылы.


"Мұндай рейдтер төрт жақты меморандумға қол қоюдың арқасында жүзеге асып жатыр", - дейді Алматы облыстық сот орындаушылар палатасы төрағасының орынбасары Руслан Исаев.


Оның айтуынша, рейдтердің арқасында 2 млрд 150 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылған.


 




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 20:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31