Мәселе

Алматы облысында мас күйде көлік тізгіндеген мектеп түлегі жол апатын жасады

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Алматы облысы Үштөбе қаласында шетелдік көлікті басқарған мектеп түлегі скутермен соқтығысып қалды. Жол апатынан 20 жастағы қыз зардап шекті. Кәмелет жасқа толмаған баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Жол апатына қатысты хабарлама әлеуметтік желіде пайда болды.

 

Дәлірек айтқанда, 25 мамыр күні Үштөбеде жергілікті мектептердің бірінің түлегі Audi көлігімен мас күйде қалада жүрген. Салдарынан ол рөлді басқара алмай, мотоцикл жүргізушісін қағып кеткен.

 

"Қаратал ауданында кәмелет жасқа толмаған 11 - сынып түлегі алкогольді мас күйінде 2002 жылғы жігіт басқарған мопедті қағып кетті. Қазіргі уақытта кәмелет жасқа толмаған бала мен зардап шегуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген жазбада.

 

Ал Алматы облысы полиция департаменті жол апатынан мопедтің 20 жастағы жолаушысы ғана зардап шеккенін мәлімдеді.

 

Жол апаты 25 мамыр күні 22:10 шамасында болған.

 

Тәртіп сақшыларының дерегінше, Audi көлігінің 17 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен келе жатып, Талдықорғанның 19 жастағы тұрғыны басқарған скутермен соқтығысуға жол берген.

 

"Жол апаты салдарынан көптеген дене жарақатын алған қыз Үштөбе қаласының ауруханасына жеткізілді. Басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Кәмелет жасқа толмаған жүргізушінің орта деңгейде мас болғаны анықталды. Ол танысының көлігімен қыдырып жүріп, жол апатына себепкер болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр",- дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қызға тез арада ота жасалғанын хабарлады.

 

"Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

 

 




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 18:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31