Мәселе

Алматы облысының әкімі Манзоров ісіне қатысты пікір білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз орынбасары Бағдат Манзоров ісіне пікір білдірді, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


«Оқиға болғанда ол (Бағдат Манзоров – ред.) маған келіп, Алматыдағы бұрынғы жұмысы бойынша екенін түсіндірді. Жағдайын айтып, төлемсіз еңбек демалысын сұрады. Мен жібердім. Не болып, не қойғанын тергеу органдары анықтай жатар. Бірақ, мен оны жеке адам ретінде баяғыдан білемін. Ол Көксу ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Кейін маған келді. Екі ай ғана жұмыс істеді. Бұл аралықта оған бірнеше тапсырма бердім. Барлығын орындады. Мен оған «Арыз жаз, жұмыстан шық немесе мәселеңді тез арада шеш» деп айта алмаймын ғой. Адами тұрғыда қарау керек. Кез келген адам мұндай жағдайға тап болуы мүмкін», - деп жауап берді А. Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына.


Оның айтуынша, әкім орынбасарының ісімен тергеу органдары айналысады.


«Егер кінәлі болса, жауап береді, кінәсі болмаса – жұмысын әрі қарай жалғастырады», - деді Амандық Баталов.


Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы («Лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша айып тақты. Кейін Бас прокуратура Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді.


Көп ұзамай шенеунік өз қызметіне қайта кірісті.


Өз кезегінде агенттік Бас прокуратураның бұл шешіміне наразылық танытты.


 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.11.2019, 18:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31