Мәселе

Алматы полициясы ақын Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты мәлімдеме таратты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қалалық полиция департаменті азамат Р.Зайытовтың кеше түстен кейін қаланың Алатау ауданында орын алған заңсыз шеруге қатысқаны үшін полицияға жеткізілгендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Түсіндіру әңгімелесуі жүргізілгеннен кейін азамат Р.Зайытов үйіне жіберілді. Біраз уақыт өткеннен кейін полиция департаменті ғимаратының алдына азамат Р.Зайытовпен кездесуді қалаған азаматтар жиналды. Оларға Р.Зайытовтың үйінде екендігі айтылды. Бірақ жиналғандар тарамай қойды. Жиналғандардың мұнан арғы әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуі мүмкін екендігін ескеріп, құқық қорғау органдарының талабымен азамат Р.Зайытов адамдар жиналған жерге жеткізілді және ол олардың алдында сөз сөйлеп, заңды бұзбауға, құқық қорғау органдарының заңды талабын орындауға шақырды», - делінген қалалық департамент таратқан хабарламада.


Таратылған ақпаратта аталған факті прокуратура органдарының бақылауында екендігін атап өткен.


Сонымен қатар ведомство мәліметінше, азамат Р.Зайытов өз үйінен бірнеше видео түсіріп, оны өзінің идеялық жақтастарына бағыттаған.


«Құрметті, бауырлар, алматылықтар. Алаңдайтындай ештеңе болып жатқан жоқ. Сондықтан барлықтарыңздан үйлеріңізге қайтуларыңызды өтінемін. Ешкімге де реніш жоқ. Міне, қазір үйге бармақ болып жиналып жатырмын. Бауырлар, сіздер де үйлеріңізге қайтыңыздар», - деді ол өзінің видеоүндеуінде.


 




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30