Мәселе

Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

  • Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

    Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

«Алматы» телеарнасы 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап «Әкіммен ашық әңгіме» деп аталатын жаңа тележобаны жүзеге асырады. Бағдарлама әр аптаның бейсенбісінде кешкі сағат 19:30-да тікелей эфирден көрсетіледі. Хронометраж – 30 минут.


Жоба аясында Алматыдағы аудандардың әкімдері әр апта сайын кезегімен тұрғындардың сауалына жауап береді. Бағдарламаның алғашқы қонағы – Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев. Осылайша, әр аптаның бейсенбі күндері әр ауданның басшысы тікелей эфирде халықты мазалаған мәселелерге қатысты өз жауабын айтады. 8 ауданның әкімдері әр 2 ай сайын тележобаның қонағы болмақ. Әкімге сұрақ қоюдың бірнеше жолы бар. Телеарнаның ресми сайтына кіріп (www.almaty.tv), «Әкіммен ашық әңгіме» айдарын таңдаңыз. Сауалыңызды осында жазып қалдырасыз. Сайт оқырмандары ең үздік сұрақтарға дауыс береді. Ең көп дауыс жинаған 5 сұрақ тікелей эфир кезінде әкімге жолданады. Ал, қалған сауалдар әкімдікке жолданып, 10 жұмыс күні ішінде барлығына жауап беріледі. Сондай-ақ, сауалды тікелей эфир кезінде WhatsApp мессенджеріне: +7 777 046 33 33 және студия телефонына 8(727) 334 00 24 хабарласу арқылы да

қоюға болады.


Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы және жол проблемалары, әлеуметтік мәселелер және тұрғындарды мазалаған өзге де сұрақтардың жауабын тікелей эфирде әкімнен сұраймыз. Сұрақ берушіге тек бір ғана

талап бар: ол көтерген мәселе нақты сол әкім басқаратын ауданға қатысты болуы тиіс. Демек, 11 сәуірге дейін Алатау ауданының тұрғындары маңызды проблемаларын телеарнаға жолдай алады. Айта кетейік, билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын. «Алматы» телеарнасының жаңа жобасы осы тапсырманы орындауға бағытталып отыр.


 




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 20:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31