Мәселе

Алматыда 15 сәуірден кейін карантин мерзімі аяқтала ма

  • Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

    Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Алматыда 15 сәуірден кейін карантин алына ма? Бұл сұраққа Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Молдағасымова аталған мәселе мемлекеттік комиссия жедел штабының қарамағында тұрғанын және шешімді тек штаб қабылдай алатынын айтады.

 

Оның сөзінше, мемлекет қабылдаған шараларды ұстану, әсіресе, өз-өзін оқшалау мен карантин режимін сақтау Алматыдағы коронавирус жұқтыру деңгейін азайтуға әсер етті. Бір тәулікте оңтүстік астанада екі жаңа жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта қалада коронавирус жұқтырудың 121 дерегі расталған, олардың 99-ы ем қабылдап жатыр. Жаңа тіркелген қос науқас- осыған дейін COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған.

 

Айзат Молдағасымованың айтуынша, бүгінде стационарларда карантинде 877 азамат, үй карантинінде 5217 адам, инфекциялық стационарларда 211, провизорлық стационарларда 301 адам жатыр. Тағы 388 адам карантиндік госпитальде.

 

Санитарлық дәрігер барлық деректің 65 пайызы науқастармен байланысқандар, 30 пайызы сырттан келгендер, ал 5 пайызы жергілікті тұрғындар екенін еске салды.

Бардық кезеңде 13 811 адам тестілеуден өткен, олардың 813-і ПТР әдісі бойынша тексерілген.

Қазір коронавирусқа тестті төрт зертхана өткізеді, олардың бірі жекеменшік. Тағы 55 мың текст алдағы уақытта тестілеу өткізу үшін даярланды.

 

Молдағасымова коронавирус карантин соңында, 11- 12-күні оқшауланған тұлғаларда анықталуы мүмкін екенін атап өтті.

 




Көрілген: 1302    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.04.2020, 18:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31